Premium Only Content
Қара шал #esenmediakz
Қара шал #esenmediakz
сөзі: Абдрахман Асылбек
әні: Алтынбек Қоразбаев
Қаусаған қасіретті қара шалмын,
Бұл күнде қара шалмен санасар кім?.
Жанымды жегідей жеп қарттар үйі,
Күн санап куат кеміп, аласардым.
Онша тар емес еді пәтерің де,
Осында тастап кеттің әкелдің де.
Сынаптай сырт айналса туған балаң,
Тірідей өлгені ғой әкеңнің де.
Көп болды дидарынды көрмегелі,
Көп болды шешеңді де жерлегелі.
Балам деп көз жұмғанша жылап жатты,
Жаныма қатты батты келмегенің.
Жүрсің-ау қолың тимей, хабарың жоқ,
Жатырмын жаутаң қағып – амалым жоқ.
Айтушы ең жас күнінде, есінде ме?
Әкемді өле-өлгенше бағамын, – деп.
Балам-ау, не істетпейді қу тіршілік,
Кей пенде дүние қуып, жүр құлшынып.
Артымда бар ма десем ұрпақ ізі,
Секілді қалғаным ба бір қу шыбық?
Әкең де осы жерде өлер енді,
Тәңірдің жазуына көнер енді.
Уа, жалған, сағындым ғой, тым болмаса,
Алып кеп бір иіскетші немеремді.
Қадырын түсінбедің қолда бардың,
Қауқайып қара басым жолда қалдым.
Тал-дарақ, мал-мүлкімді ақша қылып,
Астыңа аппақ шаңқан «Волга» алдың.
Несіне балам бар деп мақтанайын,
Өмірден өз жөніммен аттанайын.
Ұмытпа, келер болсаң, домбырамды,
Шерімді шемен болған ақтарайын.
Несіне өлемін деп өкінемін,
Қайғыдан қарс айырылды көкірегім.
Көз жұмсам, қоярсыңдар елге апарып,
Соңғы рет сенен соны өтінемін.
Өзің деп өтіп еді бар қызығым,
Барады күйіп-жанып тән қызуым.
Мүмкін, бұл – менің ақтық демім шығар,
Аман бол қайда жүрсең, жалғыз ұлым.
Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра!
ЖЫР-ТЕРМЕЛЕР ЖИНАҒЫ: www.youtube.com/playlist?l...
ДОМБЫРА КҮЙЛЕР ЖИНАҒЫ: www.youtube.com/playlist?l...
Жыр-терме — қазақ халқының дәстүрлі ауыз әдебиетінің және музыкалық өнерінің көркем түрі. Бұл жанрда термешілер мен жыраулар өмір, адамгершілік, тәрбие, тарих, ел бірлігі мен ерлік тақырыптарын қозғайды. Әуен мен сөз үндестігі арқылы тыңдаушыны терең ойға батырып, рухани азық береді. Жыр-терме — тек өнер емес, ұрпақтан ұрпаққа жеткен халық даналығының айнасы. Қазақтың ақын-жырауларының шығармалары. Жыр, терме және толғау.
Жыр-терме — қазақтың рухани мұрасы, сөз бен әуен үндестігі. Тәрбие, тарих, тағылым тереңде жатқан дәстүрлі өнер түрі.
#жыр #жырлар #терме #термелер #толғау #толғаулар #жыртерме #қазақжыры #dombyra #dombra #домбыра #домбра #дәстүрліөнер #қазақмузыкасы #халықөнері #жырау #термеші #қазақмәдениеті #ұлттықөнер #қазақдәстүрі #дәстүрлімузыка #жыршылықөнер #термеөнері #айтыс #жыршы #дәстүрліән #домбыра#қазақмузыкасы #тарихижырлар #эпостықжырлар #насихаттерме #руханимұра #ұлттыққұндылықтар #kazakhmusic #traditionalkazakhart #zhyrterme #kazakhculture #folkmusic #kazakhtradition #ethnicmusic #storytellingthroughsong #kazakhheritage #esenmediakz #esenmedia #esen #есенмедиакз #есенмедиа #есен
ESEN MEDIA
-
5:41:23
Misfits Mania
3 days ago $676.09 earnedMISFITS MANIA: Fight Night
2.13M -
36:50
Liberty Hangout
3 hours agoLive QA | Live from AmFest
13.9K22 -
3:52:19
Turning Point USA
7 hours agoLIVE NOW: AMFEST DAY 3 - RILEY GAINES, JESSE WATTERS, BRANDON TATUM, DIRECTOR TULSI GABBARD & MORE…
245K52 -
26:45
The Car Edition Ltd
16 hours ago🚨VW Amarok WET BELT Shock🚨 1 Year Old & ONLY 62,000 Miles | Belt About to SNAP! - The Car Edition
31 -
21:25
Exploring With Nug
1 day ago $1.79 earnedHe Disappeared at 4AM and Was Never Seen Again
6.49K1 -
21:23
MYLUNCHBREAK CHANNEL PAGE
11 hours agoBacked Into a Corner: NYPL
27.7K25 -
47:46
The Amber May Show
9 hours ago $12.35 earnedAmerican Politics
31.8K8 -
47:14
Human Events Daily with Jack Posobiec
10 hours agoLIVE FROM AMFEST - POSO x RUMBLE
46K6 -
5:29
Buddy Brown
11 hours ago $9.01 earnedFirst Pope with BALLS Big Enough to FIX the Catholic Church! | Buddy Brown
37.8K42 -
58:07
Nick Freitas
9 hours agoLIVE at AmFest w/ Graham Allen
54.6K2